27.09.2024, 21:30

«Гарри Поттерде» профессор Макгонагаллдың рөлін сомдаған актриса қайтыс болды

Фото: youtube.com/@harrypotter

Ол «Гарри Поттер» фильміндегі профессор Минерва Макгонагалл рөлінің арқасында әлемге танымал болды.

Көрерменге«Гарри Поттер» және «Даунтон аббаттығы» фильмдеріндегі рөлдері арқылы танылған британдық актриса Мэгги Смит қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Дэй Мэгги Смиттің қайтыс болғаны туралы қайғыра хабарлауға мәжбүрміз. Ол бүгін, жұма, 27 қыркүйек күні таңертең ауруханада қайтыс болды. Ол өмірінің соңына дейін достарымен және отбасымен бірге болды. Оның артында екі үлы және бес немересі қалды», - делінген актрисаның отбасы жариялаған мәлімдемеде.

IMDb сайтының мәліметінше, Мэгги Смит – 1934 жылы 28 желтоқсанда Ұлыбританияның Эссекс графтығында дүниеге келген. Ол театр және кино актрисасы болды. Оның кинодағы дебюты 1956 жылы «Үйдегі бала» фильміне түсуі болды.

Содан бері ол әйгілі режиссерлердің шақыртуымен талай фильмдер мен телехикаяларға түсті. Ол ансабында «Оскар» сыйлығына алты рет ұсынылып, екі рет – 1970 және 1979 жылдары «Мисс Жан Броди» және «Калифорниялық қонақ үй» фильмдеріндегі рөлдері үшін жеңіп алды.

Ол «Гарри Поттер» фильміндегі профессор Минерва Макгонагалл рөлінің арқасында әлемге танымал болды.