«Меладзе Ресей мен Украина соғысына қарсы адам».
«МузАрт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев ресейлік әнші Валерий Меладземен кездесіп, көпшіліктің елең еткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Меладземен жолыққан танымал әнші желіге әзілге толы видео жариялады.
«Мынау кластастарымның суреті, ал, мынау жиенімнің құдалығы», «А-а-а, бұл қызымның бірінші сыныпқа барған суреті ғой» деп тұрған кезім”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің видеосын көріп, түрлі пікір жаза жөнелді.
«Меладзе Ресей мен Украина соғысына қарсы адам», «Қырым кімдікі?» деп сұрау керек еді», «Екі елдің легендалары» десті көпшілік.