Сен Аллаға жақындаған сайын адамдар саған келеді. Алла керек адамдарды жақындатып, керек адамдарды алдыңнан шығарып қояды.
Танымал актер Жахан Отарғалиев қиын сәтте достарының тастап кеткенін айтып, қалай рухани күш жинағанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актер әрі шоумен сыналған кезде көп танысы мен досы теріс айналып, араласпай кеткен жасырмады.
«Менің айналамда бір мезетте бүкіл адам жоқ болып кетті. Бірінші кином шыққан соң фильм тұсаукесерлеріне, түрлі жиындарға көп шақыратын. Тура бір жыл бұрын араласып жүрген адамдар бұрылып-бұрылып кетіп қалды. Ол солай болуы керек болды. Менің ең үлкен қателігім, өз-өзіме деген сенімділігімді түсіріп жібердім. Денсаулығым сыр берді. Алайда уақыт өткен соң бәрі орнына келді. Сол кезде жан-жағыма қарадым да, рухани әлсіреп кетіппін деген шешімге келдім. Себебі адам Алладан алыстаған сайын адамдар одан алыстап кетеді екен. Ал сен Аллаға жақындаған сайын адамдар саған келеді. Алла керек адамдарды жақындатып, керек адамдарды алдыңнан шығарып қояды. Осы жерден менің түйгенім, біз ең бірінші Алламен қарым-қатынасымызды түзеуіміз керек. Рухани реттелгенде жаным рахаттана бастады», – деді Жахан Отарғалиев.