$ 481.19  538.45  5.18

«Түсінуге тырыссам, жүрегім ауырады»: Ерке Есмахан жазбасымен жұртты ойландырып қойды

Меңзеп отырғаным – Hollywood-тың шоу-бизнесінде болып жатқан оқиға. Естулеріңіз бар ма?

Фото: instagram.com/erkeesmahan
Фото: instagram.com/erkeesmahan

Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram желісінде су жаңа суреттерін жариялады. Әнші бұл жолы Hollywood-тағы өнер иелерінің айналасындағы дау туралы да сөз қозғаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ерке Есмахан көпшіліктен қазіргі жаңалықтардан қаншалықты хабардар екенін сұрады.

"Мына заманда көрсең де көрмегендей болып, естісең де естімегендей болып, білсең де білмегендей болып отыра берген дұрыс-ау. Түсінуге тырыссам, жүрегім ауырады. Меңзеп отырғаным – Hollywood-тың шоу-бизнесінде болып жатқан оқиға. Естулеріңіз бар ма?", - деді Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасына түрлі пікір қалдырды.

"Соқыр, мылқау танымас тірі жанды болуың керек", "Голливуд әртістері қай ғасырда да айтылатын әңгіме ғой", "Аңқау арамза болу керек пе?", "Қазақстаным аман болса болды", "Өкінішке қарай, естіп жатырмыз", "Көріп, таңғалдық", "Сонша шындықтың енді ашылғаны қызық әрі қорқынышты", "Голливудта неміз бар,өз былығымыз да аз емес","Жылтырағанның бәрі алтын емес", "Ешқашан ештеңе елеусіз болмайды, тек бәрі өз сәтімен болады", - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары