$ 481.19  538.45  5.18

«Жүректегі мұңды қалдырдым»: Мәдина Сәдуақасова елді ойландырып қойды

"Ажырастым демеңізші".

Фото: Instagram/sadvakasovamadina
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мәдина Сәдуақасова желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырып қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәдина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында ерекше образдағы фотосессиясын жариялап, әсерлі жазба қалдырды.

 Фотода әншінің шаш үлгісі өзгеріп кеткенін байқалады. Шоу-бизнес өкілі жаңа жазбасында оқырмандарына өмірінде болып жатқан өзгерістері туралы айтты.

"Жүректегі мұңды осы қыркүйекте қалдырдым. Өмірімде өзгерістер болуда. Уақыты келгенде сіздермен міндетті түрде бөлісемін", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары Сәдуақасова үшін алаңдаушылық білдірді.

"Ажырастым демеңізші", "Келесі қыркүйекте сәбилі болыңыз", "Адамды қорқытпаңызшы. Қандай өзгерістер болып жатыр?", "Осылай уайымдатып қоясыз ғой. Қашан айтасыз енді" деп көпшілік жаза жөнелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары