$ 494.87  520.65  4.91

«Өсек термей, диваннан түсіңіздер!»: Әнші Меруерт Түсіпбаева еркектерге үндеу жасады (ВИДЕО)

Семіздік деген – қасірет. Екіншіден, өсек термей спортпен айналысыңыздар, құрметті еркектер! 

Фото: @meruert_tusupbaeva
Фото: @meruert_tusupbaeva

Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева толықтарды жек көремін деген сөзі үшін еркектерге үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі семіздер туралы пікірі үшін ер кісілерден сөз естіп жатқанын айтты.

«Мен толықтарды жек көремін» деген сөзім үшін хейттің астында қалдым. Түрлі әлеуметтік желіге жариялап жатыр екенсіздер. Арнайы жазба жариялап отырған еркектерге айтарым бар: Алдымен, денсаулығы үшін семіздікке ұшыраған жандардан кешірім сұраймын. Семіздік деген – қасірет. Екіншіден, өсек термей спортпен айналысыңыздар, құрметті еркектер! Диваннан түсіп, халықтың жағдайына көңіл бөліңіздер! Қоғамның қызу талқысына түсіп жатқан АЭС-ті зерттеңіздер! Мемлекет пен халықтың жағдайын айтып, жыртысын жыртыңдар! Соған көңіл бөліңдер!», – деді М.Түсіпбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары