$ 494.87  520.65  4.91

Дина Төлепберген: Бүгіннен бастап қызым бар (ВИДЕО)

Зейнеп Ахметова апамыздың «Күретамыр» кітабында айтылғандай, тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін, тез әрі жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр.

Фото: Instagram/dina_tolepbergen
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген алғаш рет тұсау кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

«Бүгіннен бастап қызым бар. Иә-иә, сіз дәл таптыңыз! Алғаш рет тұсаукесер рәсімін орындау маған бұйырды. Зейнеп Ахметова апамыздың «Күретамыр» кітабында айтылғандай, тұсау кесу – сәби қаз тұрғаннан кейін, тез әрі жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Қазақ халқы баланың аяғына ала жіп байлап, оны арнайы таңдаған қадірлі адамға кескізеді. Ақ пен қара түс – өмір-тіршіліктің нышаны, тұспалды бейнесі. Тағы білгенім, көнеде хан-сұлтандар балаларының тұсауын күмістен жасалған «тобықтағармен» кесіпті. Әлеуметтік статусты ерекшелегісі келген болар. Бәлкім, тек сәндік емес, адамның денсаулығын сақтауға арналған бұйым қастерлеген.

 Ал, қызым, мына әлемге аяқ басуыңмен құттықтаймын! Қаз, қаз, балам, қаз балам, қадам бассаң мәз болам. Күрмеуіңді шештім мен, тұсауыңды кестім», - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары