Анамның арманы – әлем аралау.
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова ата-анасының қарттар күнімен құттықтап, ерекше сыйлық жасап қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Эстрада жұлдызы тосынсый жасамас бұрын оқырмандарымен ақылдасып, қандай сыйлық беретінін талқылаған.
“Бүгін әкемнің туған күні. Жыл сайын әкеме күшті сыйлықтар жасаймыз. Мына үйді соқтық, көлігі бар, шетелге демалысқа барып келді, жыл сайын Умраға барып жатыр, үлкен қажылығын да өтеп келді. "Енді не сыйлаймын?" деп басым қатты. Сонда да таптым", – деді ол.
Одан кейін өнер иесі дастархан басында, меймандардың алдында ата-анасына қандай сыйлық жасайтынын айтты.
"Мына кісі – біздің үйдің мерекесі, мына кісі – берекесі. Құдайға шүкір, әкемізге екі жылда көлік жаңартып тұрамыз. Анамның арманы – әлем аралау. Сол себепті үлкен лайнерге жолдама сыйлаймын. Жақсылап демалып, ортамызда жүре беріңіздер", – деп ақжарма тілегін жолдады әнші.