$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақша сөйлеу мен үшін – мода»: Ерке Есмахан тіл туралы ойын айтты

Бұл сауалға әнші қазақ болып, осындай сұрақ қойған оқырманға таңданысын білдіріп, өз жауабын қатты айтты.

Фото: ©instagram.com/erke_esmahan
Фото: ©instagram.com/erke_esmahan

Хит әндердің орындаушысы Ерке Есмахан әлеуметтік желіде қазақ тілінде сөйлеу сәнге айналғанын айтып, оқырманның сынына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Инстаграм парақшасында Ерке Есмахан оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп жүргенде, бір оқырманы "Неге орысша жазбайсыз? Кейбіреулер сіздің тіліңізді түсінбейді" деп сын айтқан.

Бұл сауалға әнші қазақ болып, осындай сұрақ қойған оқырманға таңданысын білдіріп, өз жауабын қатты айтты. Қазақ тіліне жанашырлық танытқан Ерке Есмахан тек қазақша сөйлеп, жазатынын және қазақ тілінде сөйлеу қазіргі таңда сәнге айналғанын жеткізді.

«Бұл сұрақты қойып отырған адамның тегі Жырғалбекова екен. Неге сіз 'на вашем языке' деп сұрайсыз? Қазақ тілі сіздің тіліңіз емес пе? Мен қазақпын, сондықтан қазақша сөйлеймін, жазамын. Түсінбегендер аударып алады. Қазақша ойлау, сөйлеу мен үшін сәнді нәрсе. Өзге тілдерді білсең де, өз тіліңді құрметтеу керек» – деп жазды Ерке Есмахан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 65
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары