$ 481.84  531.33  5.07

Айқын Төлепберген бағдарлама кезінде әйеліне екі бөлмелі пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Жұлдыз Өмірғали қатты таңқалып, жолдасына ризашылығын білдірді.

Қазақстандық танымал әнші Айқын Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасында жұбайына күтпеген тосынсый жасап, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz сайты.

Бағдарлама барысында әнші екі баласының анасы Жұлдыз Өмірғалиға Алматыдан екі бөлмелі пәтер сыйлады.

Айқын әйелінің көзін байлап, тосынсыйын ұсынған сәтте Жұлдыз Өмірғали қатты таңқалып, жолдасына ризашылығын білдірді.

"Бұл - Алматыдан екі бөлмелі пәтердің кілті. Құтты болсын! Бірақ бұл "бөлек тұр" деген сөз емес. Нағыз қазақша бизнес. Пәтерді жалға беріп, ақшасын өзің аласың. Бұл сенің табысың болады", - деді Айқын көпшілік алдында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары