$ 481.84  531.33  5.07

Скриптонит пен Jah Khalib Ресейдің «қара тізіміне» енді

Еске салсақ, екі шоу-бизнес өкілі де Украинадағы соғысты қолдамайтынын концерттерінде үнемі айтып жүретін.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қазақстандық рэперлер Скриптонит пен Jah Khalib Ресейде «әндерін тыңдауға тыйым салынған әртістер» тізіміне енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ресей билігі Украинадағы соғысқа қарсы шыққан жұлдыздардың «қара тізімін» үнемі жаңартып отырады.

Жаңа тізім «Верстка» басылымында жарияланды. «Қара тізімге» енген адам саны – 79. Тізімге әйгілі жұлдыздар Beyonce және Lana Del Rey де енген. Қазақстандық реперлер Скриптонит пен Jah Khalib те бар. Өйткені қос жұлдыз ТМД аумағында кең танылған.

Еске салсақ, екі шоу-бизнес өкілі де Украинадағы соғысты қолдамайтынын концерттерінде үнемі айтып жүретін.

Скриптонит Алматыда өткен концертінде бір минут үнсіздік жариялап соғыста қаза тапқандар мен Қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алған. Ал Jah Khalib жеке парақшасында жазба жариялап, украиналықтармен бірге екенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары