Қазір нәзіктікті ұмытып кеттік қой.
Халық әртісі Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге сұқбат беріп, өзіне баға берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шоу-бизнес өкілі Instagram-дағы парақшасында Дина Төлепбергенге берген сұхбатынан үзінді жариялады.
Журналистің «Бойыңызда қайсысы көп, өнер ме, әлде нәзіктік пе?», – деген сауалына Жүнісова былай жауап берді:
«Өнер. Нәзіктікті ұмытып кеттік қой қазір. Ерке қыз емес, еркек қыз боп кеттік қой», – деп күлді Мақпал Жүнісова.