$ 494.87  520.65  4.91

«Ақша мен хайпты қуып кеттік»: Балғынбек Имаш Мақатаевтан кешірім сұрады

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш әлеуметтік желідегі парақшасында Мұқағали Мақатаевтан кешірім сұрады. 

Фото: Вконтакте
Фото: Вконтакте

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Мұқағали Мақатаевтан кешірім сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Естеріңізге сала кетсек, жақында блогер Әлішер Теменов ақын Мұқағали Мақатаевқа қатысты даулы видео жариялады. Онда ол ақынды "сорлы" деп атады. Кейін блогер видеоны өшіріп, халық алдында кешірім сұрады.

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш әлеуметтік желідегі парақшасында Мұқағали Мақатаевтан кешірім сұрады. 

"Кешір бізді, уа, Мұқа, айыптымыз,
Қуып кеттік ақша мен хайпты біз.
Тазалауға қоғамды немқұрайлы,
Жазалауға бәріміз лайықтымыз!
"Жас қайың" боп мың көктеп, мың солдыңыз,
Құнсыз бе еді мисызға мұнша орныңыз?
Шын ақынды "сорлы еркек" атандырған,
Әрқайсымыз – шарасыз шын сорлымыз!
Кешір бізді, кешірші, ақын Мұқа,
Желіде отыр кіл дана, батыр, бұқа.
Ақша адамды аздырып айуан қылды,
Қалта қалың болса да, ақыл жұқа…", – деп жазған ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 43
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары