07.10.2024, 06:30

«Аузымды жаба алмай қалдым»: Фариза Ескермес сахнада жағы шығып кеткенін айтты

Фото: Instagram/fariza_yeskermes

"Бір ай бойы сол жақпен біртүрлі болып жүрдім".

Отандық актриса Фариза Ескермес "Джейран" тобында жүргенде қандай жағдайға тап болғанын айтты. Ол Taboo бағдарламасына берген сұқбатында дөкейлерден түскен ұсыныстар туралы да сөз қозғаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы,

Фариза Ескерместің айтуынша, ол сахнада ән айтып тұрғанда жағы шығып кеткен.

"Менде "Джейранда" жүргенде мынадай жағдай болды. Өзімнің жағым кішкентай, бірде ән айтып жатқанда жағым шығып кетті. Сахнада аузымды жаба алмай қалдым. Аузым ашық тұр, бірақ әрі қарай ән айта алмаймын. Оны Алтынай көріп, байқап тұрды. Ол менің куплеттерімді айтып, құтқарды. Артынан сахнаның артына барып, уқалап, бірдеңе істедік. Бір ай бойы сол жақпен біртүрлі болып жүрдім", - деді Фариза Ескермес.