Ерлі-зайыпты болып тәулігіне 24 сағат бірге жүру қиын ба, жеңіл ма қалай ойлайсыздар?
Әнші Жазира Байырбекова ерлі-зайыпты болып өмір сүруге қатысты жеке ойын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі күйеуі екеуінің қарым-қатынасы туралы сыр шертіп, арадағы түсініспеушіліктер қалай шешілетінін айтты.
"Ерлі-зайыпты болып тәулігіне 24 сағат бірге жүру қиын ба, жеңіл ма қалай ойлайсыздар? Мен де кейде ренжітсе ренжіп қалып, сөйлемей қойып, уақытша кетіп қалып басқа әйелдер сияқты қырғысайын десем ән айту керек болып қала береді. Жәкеңнің мінезін білу үшін, біздің үйде тұрып көріңіз", – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, бақыт тілеп жатыр.
“Күйеуіңмен ұрысып қалсаң, ертеңіне ақша керек болып қалады”, “Өте әдемі, үлгілі жұпсыздар”, “24 сағат емес, ақырғы демге дейін бірге болыңыздар!”, “Ағамыздың мінезі жайсаң”, “Ән айту ренішті ұмыттырады”, “Керемет өнер иелері”, – деп жазды оқырман қауым.