08.10.2024, 06:30

Абай Бегейдің 16 жасар қызының жасауы ел талқысына түсті (ВИДЕО)

Фото: Sn.kz

«Бір үйдің ақшасы кетті-ау. Ыдысының өзі миллион теңгеден асады».

Әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызының жасауын ел қызу талқылауда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілінің блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлова жеке парақшасында қыз жасауының видеосын жариялады.

«Қыз бергеннен келін алған оңай ма?» деп қалдық. Сағат таңғы 2:ОО. «Жұмыла көтерілген жүк жеңіл» деп әжелерім, жеңгелерім, достарымды шақырдық. Бәріміз жүкті тас тұйнақтай етіп жинап, дайындап қойдық. Сіз де қыз ұзатып, келін алып бүкіл жиған-тергеніңізді осындай қуанышты күнге шашыңыз. Қалың малсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды. Әне-міне дегенше бұл күнде келіп жетті. Жалпы қыздың жүгін 6 жастан жинаса асады, 7 жастан жинаса жетеді деген сөздің түпкі мағынасын енді түсініп жатырмыз», – деп жазды блогер ару.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қыз жасауын қызу талқылап жатыр.

«Ас та, төк ысырапшылдық екен», «Бір үйдің ақшасы кетті-ау. Ыдысының өзі миллион теңгеден асады», «Бізге де жұғысты болып, осылай жасау жинайық», – деп видеоны көрген желі қолданушылары.