Белгілі продюсер жолдасымен Кипр аралдарында демалып қайтуды шешкен.
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуі Нұртас Айдарбековтың туған күніне орай ерекше тосынсый жасап, күтпеген жерден оны шетелге алып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайрат Нұртастың анасы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан отағасы үшін арнайы уақыт тапқан. Айдарбекова дүкенінің ашылу салтанатынан кейін бірден ертесіне шетелге ұшып кеткенін айтты. Белгілі продюсер жолдасымен Кипр аралдарында демалып қайтуды шешкен.
"Кеше ғана дүкенімнің ашылуы болып, түнімен қонақ күткенімізді салған болатынмын. Менің туған күнім 12 сәуір, космонавтар күні ғой. Бәрі бекер емес сияқты. Бір жапырақ жерге түссе де, Алланың қалауымен. Мінекей бүгін Кипрдамын. Бұйыртса 8 қазан Нүрекемнің туған күні, бала-шағамызбен осындай тосынсый жасайық деген ой болды. Сіздерге де Алла күш-қуат нәсіп етіп, әлемді аралауды жазсын! Әумин деп жаза кетіңіздер, Алланың құлағына шалынсын", - деп жазды Instagram-дағы парақшасында Гүлзира Айдарбекова.
Қайрат Нұртастың ата-анасы Кипр аралдарына жеткен соң, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.