$ 494.87  520.65  4.91

«Қалаған кезде бөлек, бірге де тұра береміз»: Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен қарым-қатынасы жайлы

Тойға дайындық қызу жүріп жатыр.

Фото: @saken_kagarov
Фото: @saken_kagarov

Танымал желі жұлдызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова "Revue news" бағдарламасында жуырда тұрмысқа шығатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Айтуынша, сүйіктісі Сәкен екеуі бірге тұрып жатқан көрінеді. 

“Адам толық бақытты болған кезде, неге оны жарияламасқа?! Біз де өзімізді толық бақытты сезінгеннен кейін, жариялауды жөн көрдік. Біздің бірге тұрып жатқанымызды ел талқылап кетті. Екеуміздің ортақ баспанамыз бар. Одан кейін бөлек пәтерлеріміз де бар. Қалаған кезде бөлек және бірге тұра береміз. Жеке кеңістігімізді сақтаймыз. Бір-біріміздің шығармашылық жолымызға кедергі келтірмейміз”, – деді блогер ару. 

Одан кейін шаңырақ көтеру тойына дайындалып жатқанын да жасырып қалмады. 

“Сәкен ұлан-асыр үйлену тойын жасағысы келеді. Менің ұзату тойымда ешқандай блогер, әртістер болмайды. Тек жақындарым мен бауырларымды ғана шақырамын. Тойға дайындық қызу жүріп жатыр. Нақты күні мен айы белгілі болғанда жариялаймыз”, – деді жақында қалыңдық атанатын Айжұлдыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары