$ 488.26  530.54  5.03

«Әкесінің жеке өмірі талқыланып жатқанын айтты»: Баян Мақсатқызы марқұм Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты үндеу жасады

Өнер иесі Абылаймен алғаш әрі соңғы рет байланысқанын айтып, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың өліміне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Абылаймен алғаш әрі соңғы рет байланысқанын айтып, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

"Бүгін өте ауыр хабар естідім. Жақын досым Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай бақилық болыпты. Иманды болсын! Осыдан шамамен 10-12 күн бұрын Абылай маған алғаш рет хабарласты. Оны бұрыннан көріп жүргеніммен, ешқашан маған қоңырау шалмаған еді. Әпкесіне хабарласқандай көмек сұрады. Бір бағдарламада марқұмның жеке өмірі талқыланып жатқанын айтты. Шоу-бизнес өкілдері әкесіне қатысты жағымсыз пікір білдірген көрінеді. Бағдарлама эфирге екі сағат қалғанда хабарласып: "Абылай, сен кеше хабарлассаң, көмектесер едім. Енді ештеңе істей алмаймын", - дедім. Оның жанайқайы әкесінің атына айтылған сынға қатысты болды", – деп түсіндірді Баян Мақсатқызы.

Продюсер осы жағдайдан кейін журналистерге үндеу жасап, танымал адамдардың жеке өмірін талқыламауды сұрады.

"Бағдарламаға қатысқан адамдардың сөздерін журналистер қолдап, соны эфирге шығарған. Танымал адамдардың жеке өмірін әңгіме қылуды доғарыңыздар! Олардың өміріне араласпаңыздар!", – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 140
Ұнамайды 18
Күлкілі 5
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары