$ 489.06  536.21  5.05

«Таңқалдыруын қоймайды»: Ақ көйлектегі Бадықова мен Олжас Абайдың видеосы тарады (ВИДЕО)

Кадрларда Олжас Абай классикалық қара костюм, ал Дариға Бадықова қалыңдық көйлегін киіп, жас жұбайлар рөлінде тұрғанын көруге болады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстандық танымал актерлер Дариға Бадықова мен Олжас Абай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Олар күйеужігіт пен қалыңдық образындағы видеомен бөлісіп, көпшіліктің назарын аудартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Актерлер Instagram-да бірге түскен фото және видеоларын жариялап, жұрттың қызығушылығын тудырды. Кадрларда Олжас Абай классикалық қара костюм, ал Дариға Бадықова қалыңдық көйлегін киіп, жас жұбайлар рөлінде тұрғанын көруге болады.

"Өмірдің таңғалдыруы бітпейді екен," – деп жазды актриса өз жазбасында.

Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың Stories-тері

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 6
Күлкілі 6
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары