Видеоны әлеуметтік желіде Papa_Mailo аккаунтының иесі жариялаған.
Бейнежазбадан диван үстінде жатқан иттің әншінің өнерін тапжылмай көріп отырғанын байқауға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Итім Мақпал Жүнісованың әнін тыңдап отыр. Өзі құйрықпен билеп қояды. Биле-биле. Жарайсың! Көре ғой. Мен саған кедергі болмайын, - дейді итін еркелете сөйлеген видео авторы.
Иесінің айтуынша иттің аты – Майлыбек. Аталған видеоны әншінің өзі де әлеуметтік желісінде бөліскен.
Мұндай тыңдарманды алғаш көріп тұрмын. Видеоңызға рахмет!, - деп жазды М. Жүнісова.