$ 488.11  530.09  5.01

«Мен соған ренжимін»: Айсәуле Бақытбек өзіне «қыз туа бересің» дейтіндер барын айтты (ФОТО)

Мен қыздарымды жақсы көремін.

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek
Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Танымал желі жұлдызы, блогер Айсәуле Бақытбек балаларды ұл немесе қыз деп бөлмеуге үндеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Блогер келіншек жақында үшінші сәбиін дүниеге әкелмек. Гендер пати жасағанымен сәбидің жынысын көрсеткен жоқ. Оқырмандары оған “Ұлды қалайсыз ба?” деп сұрақ қойды. 

“Аман-есен үшіншісін дүниеге әкелейін. Әзірге төртіншісін жоспарламаймыз. Бізге баланың жынысы маңызды емес. Егер ұлды болсақ өте жақсы. Қызды болсақ та ренішіміз жоқ. Күйеуім екеумізге ортағасырлық көзқараспен өмір сүру – жат. Әсіресе “Саған ұл керек” деп әйелдер көп жазады. Мен соған ренжимін. Біз неге өзімізді жақсы көрмейміз. Тіпті біз кімді қалайтынымыз басқа әйелді неге қызықтыруы керек. Ол Құдайдан да күшті біле ме?! Мен қыздарымды жақсы көремін. Олардан басқа ештеңе асқан күшті емес”, – деп жауап берді Айсәуле.

Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 36
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары