$ 494.95  525.49  5.05

«Ақпаратты дереу өшірсін»: Жұлдыз Әбдікәрімова соттан кейінгі жағдайы туралы айтты

Жұлдыздың сөзінше, бірінші аудандық сотта жеңіліс тапқанда, көп дәлелдердің қараусыз қалғандығы көңілге қонбаған.

Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Өткен айда актриса және блогер Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясының алдауына түсіп, өз үйін қайтарып алу үшін сотқа жүгінгенін мәлімдеді. Аудандық сотта бұл мәселе қаралғанымен, шешім актрисаның пайдасына шықпаған еді. Жұлдыз бұдан кейін аппеляциялық сотқа шағымданып, әлеуметтік желіде отырыстың видеоүзінділерін жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актрисаның айтуынша, бірінші сотта жеңіліс тапқанда, көптеген дәлелдер қараусыз қалған. Адвокатымен бірлесе отырып, қалалық соттың барысын жариялауды жөн көрген.

«Осыдан кейін түсініксіз қоңыраулар келе бастады. Бұған аса мән бермедім. Бірақ өткен аптада іссапармен Шымкентте болғанымда, бейтаныс адамдар менің жанымдағы адамдарға жолығып, “сотқа байланысты жарияланған ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер өшірмесе, біз келіссөзге дайынбыз, мәселені шешуге тырысамыз, бірақ ақпаратты дереу өшіру керек” деген сәлемдеме жеткізіпті. Ескерте кетейін, мен бұл адамдарды көрмедім, олар менімен тікелей байланысқан жоқ! Сот процесінен тыс ешқандай келіссөздерге бармайтынымды ашық айтамын», - деп жазды Жұлдыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 2
Күлкілі 5
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары