ЭКО жасату идеясын оның жұбайы Тұрсын Алагөзов ұсынған.
Танымал продюсер Баян Алагөзова блогер Айсәуле Бақытбектің "Сырласу" бағдарламасына қатысып, жеке өміріндегі бірқатар сырдың бетін ашты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Продюсердің айтуынша, ЭКО жасату идеясын оның жұбайы Тұрсын Алагөзов ұсынған. Алагөзова бірнеше мәрте ЭКО жасатуға тырысқан, бірақ әр жолы сәтсіздікке ұшыраған. Бірінші және екінші рет ұрықтандыру барысында ол ұл балаға арман еткенін мойындады.
"Менің екі қызым бар, сондықтан ұл баланың анасы болуды қатты қаладым. Қыздардан кейін ұл балаға қарау сезімі қандай болатынын сезінгім келді. Бұл тек ерекше бір сезім үшін ғана жасалған қадам еді. Ұрпақ жалғастыру немесе жеті атаны толықтыру мәселесімен байланысы жоқ", – деп түсіндірді продюсер.