$ 488.11  530.09  5.01

«Менің екі туып, бір қалғаным емессіңдер»: Блогер өзіне «несие алып бер» дейтіндерге үндеу жасады

Түйеге жантақ керек болса, мойнын созады.

Фото: irisbala__ikrambai_official инстаграм парақшасынан
Фото: irisbala__ikrambai_official инстаграм парақшасынан

Танымал блогер Ырысбала Икрамбайға «несие алып бер» деп хабарласатындар бар көрінеді. Бұл туралы ол желіде үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ырысбаланың айтуынша, оқырмандар тарапынан «атыңызға несие алып беріңізші, өзім төлеймін» деген хаттың көп келетінін айтты.

«Аузы күйген үрлеп ішеді» дейді. Менің аузым ғана емес, өңешім де күйіп болған. Ақша бермеймін және ешкімнен сұрамаймын. Өзіме керек кезде пәтер мен көлікті кепілге қоямын. Одан кейін алтындарымды ломбардқа өткіземін. Несие деген дүниені айтып, мені мазаламаңдар. Өзімнің босанатын күнім жақын. Мейлі Ырысбала өзгерген деп айтуыңыз мүмкін. Бірақ менің екі туып, бір қалғаным емессіңдер. Мен сізді өмірімде көрмегенмін, танымаймын. Қай ойыңызбен жазып, несие сұрайсыз?! Өзіңізге керек пе, онда өзіңіз несие алыңыз. Түйеге жантақ керек болса, мойнын созады. Менің проблемам өзіме жетеді», – деп ашуланды блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 44
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары