Фарухтың сөзіне қарағанда, Дүниезаданың аяғы ауыр екенін ол бес айлық болған кезде ғана білген.
Әлемге Adam есімімен танылған Фарух Тоқтамұратовтың некесіз баласы бар екені жайлы жаңалық бұған дейін тараған еді. Әнші «Астарлы ақиқат» бағдарламасына қатысып, бұл жағдайдың егжей-тегжейін өз аузымен айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Фарухтың айтуынша, ол бұған дейін басқа бір қызбен жүргенін және оған үйленуге дайындалып жүргенін мойындаған. Дүниезада атты әйелмен араларында тек физикалық жақындық болғанын, бірақ бұл қатынас романтикасыз өткенін жеткізді.
«2022 жылы әйеліммен некемді қидырдым, ал Темірлан 2023 жылы дүниеге келді. Дүниезада екеуміздің арамызда ешқандай міндеттемелер болған жоқ, оған үйленбейтінімді айттым», - дейді әнші.
Фарухтың сөзіне қарағанда, Дүниезаданың аяғы ауыр екенін ол бес айлық болған кезде ғана білген. Алайда, ол ешқашан екінші әйел ретінде алуға уәде бермегенін айтты. «Ол маған «ер адам керек емес, баланы анам екеуміз өсіреміз» деп айтты», - деп түсіндірді әнші.
Фарух некесіз баласының барын әйелімен бөлісе алмағанын да мойындады. Бірақ Дүниезада оның әйеліне хабарлама жіберіп, баласы бар екенін айтқан соң, отбасында келіспеушіліктер туындаған.
Бағдарлама барысында Adam Дүниезаданың сөздерінің көбісі шындыққа жанаспайтынын айтып, жағдайдың бұрмаланғанын жеткізді.
«Мен халықтан кешірім сұрағым келеді. Барлық болған жағдайды ашық айттым, жауапкершіліктен қашпаймын», - дейді ол.