8 жасар актрисаның сахнада ән шырқап тұрғанын көруге болады.
Отандық актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова бала күнінен видеосын жариялап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялады. 8 жасар актрисаның сахнада ән шырқап тұрғанын көруге болады.
“Ақ сәулем" әнін орындап жатқан 8 жасар Дариға. Осы кезде ойымда дым жоқ. "Таптым-ау сені" фильмімен жанталасып жүретінімді білмедім-ау", – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары актрисаның бала күнінен аса өнерлі екенін атап өтіп, оған жылы лебізін жаудырды. Көпшілік актрисаның дауысына жоғары бағасын берген.
“Баян тартып тұрған ағайдың өзін өзіне бағындырып тұр”, “Не деген харизма, не деген диапазон?!”, ”Дауысыңызда қоңыр үн бар екен", "Бала күніңізден жұлдыз болыпсыз ғой", "Шашымыз бірдей болыпты. Қазір 8 жасар қыздарда мұндай шаш жоқ", "Өнерге кездейсоқ келмеген деп осыны айтады", "Дауысыңыз керемет", "Кішкентайынан әнші екен ғой Дариға ханым", "Ең бағалы көрермендердің алдында ән шырқаған екенсіз. Бас қалай ойнап тұр", – деп жазды оқырман қауым.