Бақытты болыңыздар. Әдемі ару екен.
Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев желіде бейтаныс арумен видео жариялап, желіні шулатты. Оқырмандар некесі сәтсіз аяқталған өнер иесінің жеке өмірін қызу талқыға салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жахан Отарғалиев аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда актер белгісіз бойжеткенмен отырғанын көруге болады. Өнер иесі желідегі танымал трендті түсірмекші болған. Алайда ойлағаны іске аспай, сәтсіздікке ұшыраған. Желі қолданушылары Отарғалиевтің видеосын қызу талқылап, оның жеке өмірінде өзгеріс орын алып жатқанын болжады.
"Қасындағы қыз тым сүйкімді екен", "Екеуі жараспайтын сияқты", "Көрікті қыз екен. Бағалаңыз", "Сүйіктіңіз бе? Қашан таныстырасыз?", "Түк күлкілі емес. Ер адам деген салмақты болу керек", "Әрекеттері ұнамайды. Бір тентек жас бала секілді", "Бақытты болыңыздар. Әдемі ару екен", "Әр адам бақытты болуға лайықты", - деп жазуда көпшілік.