Алла тіл-көзден сақтасын!
Танымал әнші Алтынай Жорабаева бесінші сәбиінің фотосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Эстрада жұлдызы 2024 жылдың қаңтар айында бесінші қызын дүниеге әкеліп, Амина деп ат қойған еді.
“Әпкелері фотоға түсіріп жатыр. Негізі 7 қазанда жеті айға толған еді. Қолымыз тимей енді фотосессия жасап жатырмыз”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сәбиге бақытты балалық шақ тілеп жатыр.
“Көзін жауып тұрса да, әкесіне ұқсап тұр”, “Әкесінен аумайды”, “Жасыңа жас қосыла берсін”, “Алла тіл-көзден сақтасын”, “Кеше ғана туған еді, көп ұзамай бір жасқа толады”, “Алтынай ханым, қыздарың бақытыңды еселесін”, – деп жазып жатыр көпшілік.