$ 488.11  530.09  5.01

«Ұмытып кетпеңіздер!»: Айқын Төлепберген осы бейсенбіде үйлену тойын жасамақ

Тойға келмегендер нөмірімді өшіріп тастасаңыздар болады.

Фото: instagram.com/zhuldyzomirgali_official
Фото: instagram.com/zhuldyzomirgali_official

Жуырда Қазақстан эстрадасындағы танымал әншісі Айқын Төлепберген жары Жұлдызбен үйлену тойын өткізбек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желіде тойына қалай дайындалып жатқаны туралы айтып берді. Оның айтуынша көптен күткен үйлену тойының алдында келіншегі Жұлдыз Өмірғали арықтап кеткен.

«Қазір бір түсірілімге бара жатырмыз. Жаңа имидж, көзілдірік киіп алдым. Тәтем бар қасымда. Тәтем боянып алған, алтындарын тағып алған. Той алдында арықтап кетті. Маған қарамайды. Сегіз келі тастапты. Біз жас жұбайлар болдық. Құттықтасаңыздар болады. Бейсенбі тойымыз болады. Шақырылған қонақтар ұмытып кетпеңіздер. Тойға келмегендер нөмірімді өшіріп тастасаңыздар болады», – деді әнші.

Еске салсақ, өнерлі жұп не себепті той жасамағанын түсіндірген.

«Негізі бұл тойды тоғыз жыл бұрын жасайын деп ойлап едік. Бірақ Жұлдыздың ұзатуынан кейін хейт басталып кетті. Сол кезде Жұлдызға «Кішкене күте тұрайық, халық үйренсін бұл жаңалыққа, ашуы басылсын» деген едім. Сосын енді той жасайын деп жатқанда кино түсіріп кеттік. Оны аяқтап, енді той істейін дегенде, пандемия басталып кетті. Әне-міне деп жүріп үй салдық, сөйтіп жүргенде 9 жыл өтіп кетіпті ғой. Енді, міне, той жасайық деп шештік», – деген еді Айқын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 6
Күлкілі 8
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары