Одан кейін актриса қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды да сөз етіп, өз ойын бөлісті.
Отандық танымал актриса Дариға Бадықова әріптесі, актер Олжас Абайға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі актермен қатты ұрысып қалатын кезі болатынын мойындады.
“Екеуміз екі жаудың баласындай тас-талқан боламыз. "Әй қойыңдар" деп бір адам татуластырмаған. Керісінше концертімізді көреді. Неге сондаймыз?! Журналистер дамылсыз хабарласып жатыр. Әзірге сұхбат бере алмаймын. Фокустың бәрі – фильмде", – деп жазды актриса.
Одан кейін актриса қоғамда болып жатқан түрлі оқиғаларды да сөз етіп, өз ойын бөлісті.
“Әлеуметтік желіге кірсең бір дұрыс көңілді ақпарат жоқ. Одан микрофонды ортаға қойып, ақыл айтқан адамдар. Одан қала бере өмірімді әдемі етіп көрсетемін деп қырынан да, жанынан да, шешініп те суретке түсетін қыздар. Топырлап бір жерге барып, бір-бірін мақтап, сабылып жүрген адамдар. Өзі қобырап отырып, парақшамды эстет қыламын дегендер. Өзімді дамытуым керек деп үрейленгендер”, – деді киножұлдыз.