$ 488.11  530.09  5.01

Танымал рэперге «зорлау және қудалау» бойынша алты жаңа айып тағылды

Сот процестері 1991 жылдан бергі зорлық-зомбылық істерін қамтиды.

Фото: Getty Images / Shareif Ziyadat
Фото: Getty Images / Shareif Ziyadat

Нью-Йорк федералды сотында P.Diddy деген атпен танымал америкалық музыкалық продюсер және рэпер Шон Комбсқа «зорлау және қудалау» бойынша алты жаңа айып тағылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 «Associated Press» мәліметінше, сотқа бергендердің бірі оны 16 жасында зорлағанын айтады. Кейбір эпизодтар P.Diddy-дің «ақ кештер» деп аталатын кештерінде өтті деген болжам бар.

Аталмыш алты талап-арыз да қауіпсіздік мақсатында анонимді түрде берілген. Белгілісі, оның екеуін әйел, тағы төртеуін ер адам берген. Олар Шонды «даңқын пайдаланып» зорлық-зомбылық жасады деп айыптады. Кейбір шағымданушылардың сөзінше, рэпер оның дегеніне көнбегендерге немесе оған көпшілік алдында қарсылық көрсеткісі келгендерді «өлтіремін» деп қорқытқан көрінеді. 

Адвокат Тони Базби қазанның 2-сі күні P.Diddi-ге қарсы 120 адам сотқа шағым түсіргенін, олардың 25-і зорлық-зомбылық кезінде кәмелетке дейінгі жаста болғанын мәлімдеген.

Қорғаушылардың айтуынша, кейде кештерде жәбірленушілердің сусындарына белгісіз заттар, соның ішінде, есірткі қосқан. Танымал рэперге қатысты сот процестерінде 1991 жылдан бергі зорлық-зомбылық істері қаралмақ.

18 қыркүйекте 54 жастағы Шон Комбсқа «ірі көлемді қылмыстық іс», адам саудасы және тағы бірнеше қылмыс жасады» деген айып тағылды.

Қазір атышулы рэпер Бруклиндегі федералды түрмеде отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары