Сонымен қатар продюсердің құрбысы Айша Байбосынова да бұл жаңалықты Алиса дүниеге келген күні ғана естігенін айтты.
Қазақстандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы балалы болатынын тіпті жақын достарына да айтпаған болып шықты. Шоу-бизнес өкілінің бірқатар жақыны бұл жаңалықты ел қатарлы естіген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Баян Алагөзова бұл құпиясын тек екы қызымен ғана бөліскен. Алайда продюсер оны перзенттеріне бірден хабарлай алмаған. Оның өз себебі бар.
"Балалы болайын деп жүргенімізді менің екі қызым ғана білді. Айсәуле мен Айаруға ғана айттым. Бірақ бірден білмеді. Қазақпыз ғой. Қорқамыз ғой. Мен олардың көңіл күйін түсіргім келмеді. Егер нәтижесіз болып қалса, ойлағанымыз іске аспай қалса ше? деп уайымдадым. Аналарымыз жүкті, мерзімі үш ай деп қалай айтамын? Екі қызым да бұл жаңалықты өте жақсы қабылдады. Себебі олар сегіз жыл бойы маған "бала туып алмайсың ба" деп айтып жүрді. Мәселе көз тиеді дегенде емес. Қыздарымның көңіл күйін түсіріп алмас үшін бірден айтпадым. Бірнеше рет нәтижесіз болып қалды. Үшінші рет жолымыз болды", - деді Баян Мақсатқызы "Көреміз" бағдарламасында.
Сонымен қатар продюсердің құрбысы Айша Байбосынова да бұл жаңалықты Алиса дүниеге келген күні ғана естігенін айтты.
"Біз жақын дос болып аралассақ та, ол жайлы білмедік. Алиса дүниеге келген күні түнгі екі-үштерде бір-ақ естідік. Қатты таңғалдық. Бұл қуанышты жаңалықтан соң жылап та алдық", - деді Айша Байбосынова.