$ 492.14  528.85  5.01

«Ақыл айтқыштар көбейіп кетті»: Әнші Заттыбек коуч-психологтарды сынап тастады

Бұлардың көбеюі халықтың соларды көріп, соны қолдап жатқанының әсері ғой.

Фото: https://www.instagram.com/zattybek/
Фото: https://www.instagram.com/zattybek/

Эстрада әншісі Заттыбек Көпбосынұлы психолог-коучтардың ісін сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша "коучсымақтар" білмесе де, білгішсініп, халықтың санасын улап отыр. Алайда, халықтың өзі сондай адамдарға сұранысты өздері қалыптастырып отырғанын тиек етті.

"Ақыл айтқыштар көбейіп кетті. Ішінде жап-жас інілеріміз, жап-жас қарындастарымыз бар. Олардың қаншалықты өмір сүріп, қаншалықты ой түйгендерін қайдам бірақ, данышпан адамға ұқсап ақыл айтады. Кейбіреулерінің теріс қылықтары, теріс пайымдары көп. Бұлардың көбеюі халықтың соларды көріп, соны қолдап жатқанының әсері ғой. Өйткені менің өзім желіге жақында бір коучтарға ұқсатып видео жүктеген едім. Оның қаралымы да, таралымы артып кетті. Сәл бір қисайып сөйлеп, хайпқа жақын дүниелер жасасаң оны халық өзі таратып, өзі танымал етеді екен. Ал рас дүниелерге қызығатындар аз", - деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары