$ 481.68  522.48  5

Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған P.Diddy желіде жазба жариялады

Ол 16 қыркүйек күні Нью-Йоркте ұсталып, қамауға алынды.

Фото: alamy
Фото: alamy

Ауыр қылмыс жасады деп айыпталып жатқан рэп орындаушы P. Diddy қамауға алынғаннан соң алғаш рет желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі қызын туған күнімен құттықтап, оның суретін жариялады.

«Туған күніңмен, Лав. Әкең сені жақсы көреді», - деп жазды P.Diddy лақап атымен әлемге танылған рэпер Шон Комбс.

Еске салсақ, таяуда көпшілікке ол адам саудасы мен басқа да бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Ол 16 қыркүйек күні Нью-Йоркте ұсталып, қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары