Шынайы қолдау сөздеріңіз мәңгі жадымда.
Әлеуметтік желіде Аруна есімді бойжеткен марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы Абылайдың сүйіктісі екенін айтып, естеліктерін бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушысы марқұм жігітімен бірге түскен фотоларын көрсетіп, көпшілікті жылатты.
“Сізден айырылу – адам төзгісіз жағдай. Сіз жай ғана жақын адам емессіз, менің жанымның бір бөлшегісіз. Жүрегімнің қалай ауырып жатқанын айта алмайтын, әлі күнге дейін қасымда жоқ екеніңе сене алмаймын. Мені жұбататын тек қана жылы естеліктер мен әдемі фотолар ғана. Мен бір мезгілде жылылық және ауырлықты сезінемін”, – деп жазды желі қолданушысы.
Одан кейін блогер ару марқұммен өткізген әр сәтті жиі еске алып, махаббатын сақтауға уәде берді.
“Сіздің күлкіңіз құлағымда қалды. Шынайы қолдау сөздеріңіз мәңгі жадымда. Бұл естеліктер – ең зұлмат күндерімді нұрландыратын асыл қазыналарым. Сіз маған көп нұр сыйладыңыз. Өмірімді мән мен бақытқа толтырдыңыз. Мен сізді өмірімді нұрландырған адам ретінде мәңгі есте сақтаймын. Сен менің жүрегімде өшпес із қалдырдың. Сол махаббат мәңгі өмір сүреді. Сіз менің өміріме әкелген барлық жақсылықты сақтауға уәде беремін. Жатқан жерің жайлы болсын, жаным!”, – деп жазды бойжеткен.