17.10.2024, 15:40

«Концерт 2025 жылға ауысты»: Тұрсынбек Қабатов ауруханаға жатып қалғанын айтты

Фото: Instagram / kabatov_tursinbek_resmi

Әзілкештің концерттері 45 жасына арналған.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Instagram парақшасында денсаулығына байланысты концерттерін 2025 жылға ауыстырғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әзілкештің концерттері 45 жасына арналған.

«Ассалаумағалейкум құрметті көрермендер! Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын!

Өздеріңізді көруге асықпын!» - деп жазды Тұрсынбек Қабатов.