18.10.2024, 15:40

«Ақшаны берген – сіздер»: Әбдіжаппар Әлқожа қымбат көлік сатып алды (ВИДЕО)

Фото: https://www.instagram.com/stories/abdizhappar_alkozha/

Жеткізген Алла! Ақшаны берген – сіздер.

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа су жаңа машинасын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілінің су жаңа көлігінің маркасы – Merсedes AMG 63S.

«Серіні тұлпарынан танисыздар. Көптен армандап, бүгін жеттім. Құтты болсын деп қойыңыздар. Сіздерге жұғысты болсын! Әрбір қазағым мықты көлікпен жүрсін. Мен үшін Merсedes AMG 63S – нөмер бірінші көлік. Жеткізген Алла! Ақшаны берген – сіздер. Адал еңбек,таза пейілдің арқасы», – деп жазды әнші.