$ 485.04  525.98  5.04

«Қорқатын болдық»: Әуелбековамен тартына амандасқан Заттыбек Көпбосынұлының әрекеті талқыға түсті (ВИДЕО)

Өнер иесі бұл жайтқа таңғалғанын жасырмады.

Фото: : Instagram/moldir.auyelbekova
Фото: : Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова желіде Заттыбек Көпбосынұлымен түскен видеосын жариялап, елді күлдірді. Бейнежазбада өнер иесінің әріптесі онымен қалай амандасатынын білмей қалған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында бөліскен видеода Заттыбек Көпбосынұлы оған қолын тигізбей, алыстан амандасқанын көруге болады. Өнер иесі бұл жайтқа таңғалғанын жасырмады. Сөзінше, Заттыбек Көпбосынұлы бұған дейін жариялағанған видеоны көріп, оның астындағы халықтың пікірінен қорқып қалған.

"Өткендегі Сәкеннен кейін қорқатын болдық қой?!" дейді, Заттыбек ағам. Пікір оқыған ғой, сонша қорқытқандарыңыз не?! "Ассалаумалейкум" дей салу күшті емес пе? Әлде, еркек пен әйел сүйіскен дұрысырақ па? Қол ұстасып, құшақтаған ба? Қалай өзі? Мәселені шешіп алайық", - деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары