Аяқ көкала қой болды.
Отандық киножұлдыз Дариға Бадықова Түркияда кино түсіріп жүріп, кемеден құлап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі киносының екінші маусымын түрік жерінде түсіруді жөн көрген.
“Катердан екі аяғым екі жаққа кетіп, құладым. Аяқ көкала қой болды. Жұрт үйлендіріп, өсек айтып жатса, біз құлап, саундтрек түсіріп жүрміз. Ютубтан клипты көріңіздер! Ол жерде бәрі әдемі болып тұр”, – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары оқыс оқиға кезінде күле берген актрисаның күлкісін сынап тастады.
“Не деген ерсі күлкі?!”, “Шынайы күлетініңіз ұнайды”, “Елдің алдында жүрген адам мәдениетті болуы керек”, “Көйлегінің арты да жыртылып қалған”, “Аяғын оңбай жарақаттап алды-ау”, – деп жазып жатыр көпшілік.