21.10.2024, 18:20

«Үш бар жерде күш бар»: Тәуекел Мүсілім болашақ сәбилеріне гендер пати жасады

Фото: https://www.instagram.com/mahonti__/

Біздің үшінші бөпеміз де батыр болады.

Танымал актер Тәуекел Мүсілім Лос-Анджелесте отбасымен бірге гендер пати өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі отбасын алып, АҚШ-қа аттанған еді. Жақсы жаңалықты әйелі Махаббат жариялады. 

“Аллаға сансыз шүкірлік болсын! Үш бар жерде күш бар. Біздің үшінші бөпеміз де батыр болады. Алақай!”, – деп жазды блогер келіншек. 

Отандық киножұлдыз да құттықтап жатқан жандарға алғыс білдіріп, қызды болғысы келгенін де жасырмады. 

“Қыз болмағанша тоқтамаймыз! Әрине, қалжың ғой. Сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз”, – деп әзілдеді актер.