$ 481.68  522.48  5

«6 жыл күткен баламыз»: Айдарбекова ұлын туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)

Тұла бойым тұңғышым Қайратымнан кейін, Нүрекең екеуіміздің 6 жыл қатты күткен баламыз.

Фото: Instagram/gulziraaidarbekova
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Гүлзира Айдарбекова аналық ақ тілегін Instagram-дағы парақшасында білдірді. Жұлдызды ана ортаншы баласына деген махаббатын жеткізіп, отбасылық мұрағаттағы суреттерді жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бүгін менің қара балам, жүрегі мейірімге толы, ақкөңіл, ақ жүрек дара балам Аянымды өмірге алып келген күнім. Тұла бойым тұңғышым Қайратымнан кейін, Нүрекең екеуіміздің 6 жыл қатты күткен баламыз. Ең бастысы амандығымен, жанұясының ауызбіршілігі молынан болып, Айгерам екеуінің бір-біріне деген адалдығымен, әулетке деген құрметімен осы қалыптарында ұл-қызының қызығын көріп, ұзақ жасап, араларында тек мөлдір махаббат болып, бізді қуантып, 100 жасап, екі дүниенің бақытын көрулерін Алла жазсын", - деп жазды продюсер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары