Алла разы болсын сіздерге папа, мама. Нағыз тосынсый болды.
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ортаншы келіні Әйгерім Cәркеноваға аса қыибат сыйлық тарту етті. Ол ұлының келіншегіне салоннан су жаңа көлік сатып әперген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жаңалықты Нұртас Айдарбековтың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Ол келініне салоннан Lexus NX250 көлігін сыйға тартқан. Көліктің нарықтағы бағасы 30 млн теңгеден басталады.
"Баяғыда әкем мен анам айтушы еді "Балам, ата сыйласан алдыңа келеді" деп. Сол айтқандай ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамамның келгенінше осы бір көлікті сыйға тарттым. Құтты болсын деп қойсаңыздар марқайып қалар еді ағайын", - деп жазды ол.
Әйгерім Сәркенова үшін бұл мүлдем күтпеген тосынсый болған. Аян Нұртастың келіншегі аса қымбат сыйлыққа ие болғаннан кейінгі әсерін өз парақшасында бөлісті.
"Алла разы болсын сіздерге папа, мама. Нағыз тосынсый болды. Құттықтауларыңызға рахмет. Киіміме қарап, менің мұндайға дайын болмағанымды аңғаруға болады", - деп жазды ол.