$ 495.2  522.34  4.94

«Үкімет үшін әндетіп жүргенім жоқ»: Ақбота Керімбекова марапат алған әріптестеріне шүйлікті

Құдай-ау, не деген атақтар анау?!

Фото: https://www.instagram.com/botakerim/
Фото: https://www.instagram.com/botakerim/

Танымал әнші Ақбота Керімбекова атақ алған әріптестерін сынады. Өнер иесі осы күнге дейін мемлекеттік атақ алмағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Жер-жерде шүлен тарату басталды. Құдай-ау, не деген атақтар анау?! “Ерен еңбегі үшін”, “Құрмет”, “Парасат”, “Даңқ”. Қазақта сөлкебайға телінбеген сұмдық сөздер қалды ма екен, өзі?! Жылына осы атақтарды бәлен жүз адам алады екен. Ала берсін. Бірақ, мемлекет жағдайы сонша ерен еңбек жасалынғанға ұқсай ма?!  Үйдегілер кейде сұрап қалады: “Әндетіп жүргеніңізге – 30 жыл, мынадай мыңғырған атақтың біреуі сізге берілмей ме?” деп: “Ай, айналайындар-ай, үкімет үшін әндетіп жүргенім жоқ. Үкімет те өзі үшін ән салмайтындарға бермейтін шығар?! Одан кейін атақтарды түгел алып шыққан кейбір адамдармен мені қатар қойып, халықтың алдына шығарса, халық бір де бір мемлекеттік атағы жоқ мені танып, құрметтеп кетуі мүмкін. Нағыз бақыт – сол” деп құтыламын. Ойым дұрыс шығар деп ойлаймын. Тағы шындығым үшін “көре алмай отыр” демесе екен. Айтпақшы, қазақ тарихынан да маңызды боп тұрған қазақ  Tik-Toгының легендалары неге алмаған? Неге бермейсіңдер, үкімет?! Көре алмай жүрсіңдер ме?”, – деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 30
Ұнамайды 13
Күлкілі 9
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары