Өнер иесі желіде отырып сабақ сататындарға үндеу жасады.
Белгілі айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева өзін “инфосыған” дейтіндерге жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі желіде отырып сабақ сататындарға үндеу жасады.
“Қазір әлеуметтік желіде сабақ сатып жүрген адамдардың бәрін “инфосыған” дейтін болды. Бұл жерде сыған деген үлкен ұлт. Тұтас ұлтты қорлап жібердік. Сабақ сатудың әртүрлі жолдары бар. Әркім өзінің нәтижесіне қарауы керек. Мысалы, пирамидалардың ғұмыры неге қысқа?! Өйткені адамдар тез алданады. Одан кейін жабылып қалады. Өтірік дүниенің ғұмыры қысқа”, – деп түсіндірді айтыскер ақын.
Одан кейін қазақ қоғамына психология ғылымының ауадай қажет екенін айтты.
“Міржақып Дулатовты танымайтын қазақ жоқ. Психологияның негізін қалаған адам. Қазіргі қорқынышты ақпарат көп кезде қоғамға психология ілімі керек. Осы біздің арзан және тегін сабақтарымыз арқылы дүкен ашып, наубайхана ашып жатқан қыз-келіншек көп. Сабақ сатып жатыр деп көпке топырақ шашпай, солардың нәтижелеріне көп көңіл бөлу керек”, – деді коуч-психолог.