Жасым 25-те еді, мақсатымның бәрі тек оқу болды.
Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі әншімен танысқан кезін еске алды. Ол бастапқыда ата-анасы өнер иесіне тұрмысқа шығуына қарсы болғанын жасырмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Фариза Жұманова әншімен қарым-қатынасы қалай басталғаны туралы «Айтарым бар» подкастында айтып берді.
«Желіде оқырмандарым күннен-күнге көбейіп жатыр. Сондықтан ол сұрақ қайталана береді. Мен ол кісімен танысқан кезде тұрмысқа шығамын деп ойламадым. Ол кісі ұсыныс жасаған кезде мен магистратурада оқыдым. Жасым 25-те еді, мақсатымның бәрі тек оқу болды. Қасымдағы ең жақын Гүлдана есімді құрбым тұрмысқа шығатын болды. Мен қыз жолдас болып барып, сол тойда танысып, келесі күні ол ұсыныс білдірді. Мен шок болдым, өйткені ол кісі әнші, мен исламтанушы. Екеуміз екі әлемнің адамымыз ғой. Кейін кездесіп кеттік. Ол кісінің маған ер мінезділігі ұнады. Айтқанын істейді. Жалпы жақсы қасиеттерімен баурап алды», - деді ол.