28.10.2024, 11:40

«Қазақстандағы жалғыз әнші»: Ерке Есмахан күйеуін жер көкке сыйғызбай мақтады (ВИДЕО)

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты.

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Райымның шығармашылығын қолдап, мақтауын асырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жұлдызды күйеуінің су жаңа альбомының тұсауын кесті. 

“Қазақстанда альбом жазатын жалғыз әнші. Ойдан құрастырмай, сезгенін, көргенін айнытпай әнге қосады. Өмірінің әр кезеңі – бір альбом. Әр альбомы, әр трегі ерекше. Бір әнім “хит” болды екен деп соған ұқсас 10 ән жазбайтын әнші. Ол кім десеңіздер, Ол – RaiM! Осындай талантты өнер иесімен маған тағы бір дуэт айту бақыты бұйырыпты”, – деп жазды эстрада жұлдызы. 

Оған қоса эстрада жұлдызы Райм жеке концертінде ерекше тосынсый жасап қалуы мүмкін екенін де айтты. Сөзінше, Райм 10 айлық ұлы Исламды сахнаға алып шықпақ ойы бар көрінеді.

“Мына баланы әкесі 3 қараша күні концертте сахнаға алып шығады деген сыбыс бар. Өзім шок болып отырмын", – деп жазды Ерке.