28.10.2024, 12:40

«Ұл болады деп ойладық»: Бесбаевтың әйелі гендер патидің қалай өткенін көрсетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Мархабат Бесбаев Instagram-дағы парақшасында гендер пати шарасының видеосын жариялады.

Мейрамбек Бесбаевтың келіншегі желіде ерекше отбасылық сәтті бөлісіп, оқырмандар қауымын сүйсінтті. Мархабат Бесбаева бұған дейін еш жерде жарияламаған гендер пати шарасы қалай өткенін көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жақында үшінші перзентін дүниеге әкелген Мархабат Бесбаев Instagram-дағы парақшасында гендер пати шарасының видеосын жариялап, желі қолданушыларын қуантты.

Бейнежазба басында Мейрамбек Бесбаев та, келіншегі де болашақ сәбиі ұл болатынын айтты. Алайда ерлі-зайыпты болжауынан қателесіп, соңында қызды болатынын білді.

"Осындай сый бергеніне Аллаға шүкір! Жұғысты болсын баршаңызға", - деп жазды Мархабат Бесбаева.