30.10.2024, 04:30

«Бөтен қой бар ма?»: Ләйлә Сұлтанқызы 40 жыл бұрын мал баққанын айтты

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Кезегі келгенде қой бағып, ағасына шалап, бетіне шекер себілген нан мен май таситын қойшы Ләйлә мен боламын.

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала кезінде мал баққанын айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бала кезде күнде кешке көршілер бір-бірін аралап, түлігін іздейтін. Алты қойы, бір сиыры бұзауымен, Ақтөс атты итім бар еді. Кезегі келгенде қой бағып, ағасына шалап, бетіне шекер себілген нан мен май таситын қойшы Ләйлә мен боламын. Суретте еш уайымы жоқ, ерке, әкесінің қызы 7 жасар Ләйлә, оң жағымда туысқан ағам Асылбек, және 4 жасар туған інім Ерлан. Бұл – менің балалық шағым өткен жер. Бұрынғы Қайнардың маңындағы ауылым Қайтпас – 1. Бүгінгі Нұртас шағын ауданы. Араға 40 жыл салып осы суретті жалғыз қайталау бұйырыпты. Ағам – Бозарықта, інім Қаскелеңде отбасымен тұрады», – деп жазды журналист.