30.10.2024, 17:00

«TikTok-тан көретін еді»: Дана Есеева әкесінің сотталғанын балаларына ашық айтқан (ВИДЕО)

Хейт көп болды, видеолар көп салынды. 

Қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін істі болған Мейіржан Төребаевтың жары Дана Есеева бала тәрбиесі туралы сөз қозғап, перзенттеріне әкесінің сотталып кеткенін қалай хабарлағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дана Есеева бүгінде бес баласын жалғыз өзі қалай тәрбиелеп жатқанын айтты. Желі жұлдызы соңғы жағдайлардан кейін перзенттерімен ашық сөйлесетін болғанын алға тартты. Ол тіпті жолдасының сотталып кеткенін жасырмай, еш бүкпесіз айтып берген.

"Жағдай қалай болды, бүкпесіз бәрін айтып бердім. Балаларымның жасы қазір 4-14 аралығында. Мен оларға ашық түсіндірдім. Сол үшін де анамын. Дәл қазірге кезеңде олармен көбірек әңгімелесуім керек. Ешкімді алдаған жоқпыз. Қандай да бір іссапарға кетті деп өтірік айтпадық. Біріншіден, оның сотталғаны туралы бүкіл жерде айтылды ғой. Балалар да TikTok-та отырады. TikTok-та әдейі сол бағытта науқан жүріп жатқан. Хейт көп болды, видеолар көп салынды. Сол себепті балалар бәрібір сол видеоларды көретін еді", - деді Есеева Виктория Новичковаға берген сұқбатында.